Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе – елдің көркі...» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан
Арулар аз болды ма атқа қонған?
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,
Өмірде қалған із бар «Ақтабаннан...»
Қыздары есік, төрден несіп терген,
Ұлдары керілгенде бесік көрген
Дәстүрі бұл даланың бұлжымастан
Бүгінге кешегіден көшіп келген.
Жасырмай айтар болсам жан сырымды:
Тағдырым қарауылға қанша ілінді...
Ерліктің қос қанаты деп білем мен
Аяулы Әлиям мен Мәншүгімді!
Ән салайық достар!
Әр қашан көңіл күйіңіз жағары жүрсін!
Видеоға лай басып қолдағандарға үлкен рахмет!
Достарға жіберп жақын туғандармен бөлісейік!
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе – елдің көркі...» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан
Арулар аз болды ма атқа қонған?
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,
Өмірде қалған із бар «Ақтабаннан...»
Қыздары есік, төрден несіп терген,
Ұлдары керілгенде бесік көрген
Дәстүрі бұл даланың бұлжымастан
Бүгінге кешегіден көшіп келген.
Жасырмай айтар болсам жан сырымды:
Тағдырым қарауылға қанша ілінді...
Ерліктің қос қанаты деп білем мен
Аяулы Әлиям мен Мәншүгімді!
Ән салайық достар!
Әр қашан көңіл күйіңіз жағары жүрсін!
Видеоға лай басып қолдағандарға үлкен рахмет!
Достарға жіберп жақын туғандармен бөлісейік!
- Теги
- #KARAOKE, #КАЗ КАРАОКЕ, АКЕ-АНА
Поделиться
3
Просмотров