Ақмаржан караоке-Заттыбек Акмаржан караоке казакша

Қоштасып едік жанардан жақұт құлап,
Жұбатты кеп ақ жеңге уақыт бірақ.
[Көрінесің көңілді, ал шынында,
Сенен гөрі мен екем бақыттырақ.] (2х)


Бар асылым, қимасым, жанашырым,
Дала сырың, тұп тұнық қарашығың.
Сенің сырлы сәтіңді аңсадым ғой,
Тағынғанда, тағынғанда ақмаржан дала шығын.

Тербетілем өлеңнің құшағында,
Бауырыма ып-ыстық қысамын да.
[Тереңдерге сүңгимін, қарсы ағамын.
Ерік бермей екпінді күш ағынға.] (2х)

Бар асылым, қимасым, жанашырым,
Дала сырың, тұп тұнық қарашығың.
Сенің сырлы сәтіңді аңсадым ғой,
Тағынғанда, тағынғанда ақмаржан дала шығын.

Тұнығы бар көзіңде таза мұңның,
Сезбеппін ғой не екенін азабыңның
[Көгершін боп көңілім алып ұшар,
Аспанымен бұлбұл бақ базарының] (2х)

Сені іздедім алыссың, неге іздедім?
Ажырамас әлде сен егіз бе едің?
Дәл қазіргі сәттегі сағынышым,
Дауыл күнгі толқыған, дауыл күнгі толқыған теңіз бе едің?

Достарға жіберп жақын туғандармен бөлісейік!
Теги
#KARAOKE, #КАЗ КАРАОКЕ, АКЕ-АНА
Поделиться
3 Просмотров