Диана Шарапова - Sen Bolmasan

35 Просмотры
Издатель
Әннің сөздері / Текст песни:
Сен болмасаң егер бір сәт қасымда
Сыңары жоқ жұп әні жоқ құстаймын
Мен өзіңсіз көк нөсердің астында
Қол шатырсыз қалған жанға ұқсаймын -
Сен болмасаң, сен болмасаң
Жұлдызы жоқ түндеймін
Жылуы жоқ күндеймін
Жалғыз өскен гүлдеймін
Сен болмасаң нәр бұлағы жабылған
Су басында шөліркеген жандаймын
Көктемеде гүл- дәуренін сағынған
Жапырағын жая алмаған талдаймын
Сен болмасаң құлықсызбын неге де,
Бір өзіңі бағынышты бар жайым.
Шырғалаң сәт тиді-ау әбден шекеме
Сипамасаң сүйгеніңнің маңдайын
Категория
Тексты песен
Комментарии выключены