ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ - ТІЛЕК РЫСБЕКОВ Әні/сөзі: Қанат Уәлиұлы Едресов

" Қазақ қызы "
Әні мен сөзі: Қанат Уәлиұлы Едресов

Қыз - ару, қыз - Ана,
Ұлы күшке ие, дара!
Ұяңдық, әдеп бар,
Сүйікті - адал жар,
Тал бойы - мінсіз, бір қара!

Қайырмасы:
Гүл сыйла - аруға,
Гүл сыйла - анаға,
Гүл-өмір көркемсің неткен?!
Бір қолымен - сәбиін,
Жер-жаһан, әлемді,
Әлдилеп, ана тербеткен!

Қазақ қызы ұлтымның,
Ары мен намысы, білгін!
Ботадай көздері,
Маржандай сөздері,
Қадірлеп, қорған боп жүргін!

Гүл - ана, жыр - ана,
Таратқан жер - көке нұрын!
Ән болған, жыр болған,
Кеудемде сыр болған,
Қазақ қызы қадірлі ұғым!


Категория
Тексты песен